фото: kz.kursiv.media
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатарында қозғалыс уақытша жабылды.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарындағы кей бағыттарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілген. Бұл шешім боран мен жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында қабылданды.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды дауылды ескертулерді ескеріп, алыс жолға шықпауды және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через