фото: © Эрик Романенко/ ТАСС
Рейстер аптасына екі рет тұрақты түрде орындалады
Алматы әуежайынан Сеул мен Пусанға тікелей әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оңтүстік Кореяның "Eastar Jet" лоукостері 7 сәуірден бастап алдымен "Алматы – Сеул (Инчхон)" бағыты бойынша рейстерді қайта іске қосады. Ал 1 мамырда "Алматы – Пусан" бағыты бойынша әуе қатынасы да қайта жанданады. Рейстер аптасына екі рет тұрақты түрде орындалады.
Айта кетері, бұған дейін үкімет 2026 жылы бірнеше әуежай мен әуе рейстері ашылатынын хабарлаған болатын.
Дерек көзі:https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через