WhatsApp

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титулға ие болды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титулға ие болды
фото: azattyq-ruhy.kz

       Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирде жекелей және жұптық сында топ жарып, екі титулға ие болды.

       Шешуші жекелей матчта Құламбаева (WTA №419) жергілікті спортшы Сонал Патилді (WTA №1159) 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Бастан-ақ басымдықты өз қолына алған Жібек ойынның толық бақылауын сақтап, қарсыласына мүмкіндік бермеді.

       Бұл жеңістер Жібек үшін ерекше мәнге ие: жарақаттан кейінгі алғашқы титулдар болып, оның физикалық және психологиялық дайындық деңгейін тағы бір мәрте көрсетті. Жұптық сында да Жібек өзінің шеберлігін дәлелдеп, турнирдің абсолюттік жеңімпазы атанды.

       10-11 сәуір күндері Жібек Құламбаева Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup іріктеу кезеңіне қатысады. Астанада өтетін кездесуде біздің команда Канада құрамасына қарсы күш сынасатын болады.

       https://kaz.tengrinews.kz/