WhatsApp

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ерекше жобаны қолға алды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ерекше жобаны қолға алды
фото: lavozdegalicia.es

       Испанияның Галисия өңірінде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншінің мамыр айындағы туған күніне арнап ерекше бейнеқұттықтау түсіріп жатыр. Түсірілім О Вал Миньор алқабында өтуде. Бейнеролик қазақы рухта түсіріліп, кадрларда аттар, бүркітпен аң аулау көріністері және киіз үйлер көрсетіледі.

       Жобаға Испанияның әр аймағынан шамамен 25 жанкүйер қатысып жатыр. Олардың арасында 72 жастағы қатысушы да бар. Ұйымдастырушылардың бірі – журналист Йоланда Гарсия.

       Жанкүйерлердің айтуынша, Димаштың шығармашылығы олардың өміріне үлкен әсер еткен. Мәселен, Испания тұрғыны Элизабет Баррера әншінің концертінен кейін қазақ тілін үйрене бастап, Қазақстанға баруды армандайтынын айтқан.