фото: pixabay.com
Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағындағы азаматтары туралы ақпарат жинауды жалғастыруда, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдердің тиісті мемлекеттік органдарымен және билік органдарымен тәулік бойы өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп отыр.
Шетелдердегі Қазақстанның дипломатиялық миссиялары жоғары дайындық режиміне қойылды, сондай-ақ біздің отандастарымызға қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсетілуде. Транзиттік аймақтарды қоса алғанда, аймақтағы азаматтардың тізімдері жаңартылып жатыр. Отандастар өз сұрақтарына жауап пен елдегі жағдай туралы ақпарат, соның ішінде ұсыныстар ала алатын жедел хабар алмасу чаттары құрылды. Сыртқы істер министрлігінде және шетелдегі дипломатиялық миссияларда жедел желілер ашылды. Эскалация аймағындағы азаматтарымыздың саны туралы ақпарат жиналып жатыр», - делінген жексенбідегі мәлімдемеде.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі транзиттік аймақтардағы азаматтарды қоса алғанда, азаматтардың нақты санын атау қиын екені атап өтті.
«Туризм компанияларымен бірлесіп жұмыс істейтін Қазақстан дипломатиялық миссияларының қызметкерлері әуежайлар мен транзиттік аймақтарда азаматтарды орналастыруға көмектесуде. Эскалация аймақтарынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау шаралары мен бағыттары әзірленіп жатыр. Қосымша ақпарат Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі Қазақстанның миссияларының ресми веб-сайттары, сондай-ақ Kaspi Travel қосымшасы арқылы беріледі. Біз азаматтарды сабыр сақтауға, жергілікті билік органдарының талаптары мен ұсыныстарын орындауға, қауіпті аймақтардан аулақ болуға және енгізілген шектеулерді түсінуге шақырамыз. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан азаматтарының арасында қаза тапқандар туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ», - деп қосты министрлік.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды
Иранның мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи Израиль мен АҚШ-тың шабуылдары салдарынан қаза тапқан. IRNA агенттігінің мәліметінше, Иран билігі қаза тапқан Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейге байланысты ел бойынша 40 күндік аза тұту жариялады. Сондай-ақ, алдағы 7 күн қаралы күндер деп жарияланып, жұмыс күндері емес деп белгіленді.
Иран президенті кеңсесі Жоғарғы көшбасшының қазасы жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.
БАҚ деректеріне сәйкес, Әли Хаменеи қаза тапқан сәтте жұмыс орнында болған. Ол Иранды 36 жыл бойы басқарған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция қойылған міндеттер толық орындалғанға дейін жалғасатынын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің Truth Social платформасында жазды.
- Қазіргі уақытта әскери әрекеттер толық көлемде жалғасып жатыр және біздің барлық мақсаттарымыз орындалғанға дейін тоқтамайды. Бізде өте маңызды мақсаттар бар», деп атап өтті америкалық көшбасшы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через