фото: qazaquni.kzFrukhaniyat
Ғалымдар жылқы туралы тың жаңалық ашты. Жылқылар жаңа достарымен кездескенде, таныстарын көргенде немесе жемшөп алған кезде кісінейді. Бұл дыбыстың құпиясы ұзақ уақыт зерттеушілер үшін жұмбақ болып келді.
Копенгаген университетінің мамандары кісінеудің екі түрлі дыбыстан құралатынын анықтады: төмен тембр – дауыс сіңірлерінің дірілі арқылы, ал жоғары жиілік – ішкі ауа жолдары арқылы шығатын ерекше ысқырық. Осы екітонды дыбыс жылқыларға бір мезетте бірнеше хабар жеткізуге мүмкіндік береді.
Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс жылқыларға эмоцияны күрделі түрде білдіруге мүмкіндік береді. Айтпақшы, қазақ даласында жылқы алғаш қолға үйретілгені шамамен 5000-6000 жыл бұрын болған. Қазақ пен жылқыны «егіз ұғым» деп жиі сипаттайды, және ақын Маралтай Райымбекұлы да жылқының эмоциясын кісінеу арқылы бейнелеген.
Сондықтан, бәлкім, қазақ жылқылары шынымен де қазақша кісінейтіні бек мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через