Тіл тарихын түгендеген ғалым мұрасы

Тіл тарихын түгендеген ғалым мұрасы

фото: qalam.global

       Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Бабанияз Әбілқасымовтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақ тілінің тарихи кеңістігі: жазба мұра және жаңа ғылыми парадигмалар» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

       Ғылыми жиынның басты мақсаты – ғалымның қазақ тіл біліміне қосқан үлесін саралау, зерттеу еңбектерінің маңызын айқындау және тіл тарихына қатысты ғылыми ізденістерді жаңа көзқарас тұрғысынан зерделеу. Конференцияға еліміздің белгілі тілші ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен зерттеушілері қатысып, профессордың ғылыми мұрасы төңірегінде ой бөлісуде.

       Пленарлық мәжіліс барысында Бабанияз Әбілқасымовтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, оның зерттеулеріндегі қазақтың көне жазба тілі, әдеби тіл тарихы, этномәдени лексика және тіл мен тарих сабақтастығы мәселелері талқылануда. Сондай-ақ ғалымның ұстаздық қыры мен ғылыми ізденістеріне қатысты естеліктер айтылып, баяндамалар ұсынылуда.

      

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз