Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 2 медальмен аяқтады

Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 2 медальмен аяқтады
фото: Фото: ҰОК https://kaz.inform.kz

       АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды.

       Аталған жарыста Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

       Богдан Вехов қола жүлдені місе тұтты. Ол 1 000 метр қашықтықта үшінші болып мәреге жетті.

       Әйелдер эстафетасында Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина да жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола медаль алды.

       Полина Омельчук 1 000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар спортшы В финалына екі рет (500 және 1 500 метр) жолдама алды.

       В финалына Богдан Вехов (1 500 метр), Павел Цой мен Тамирлан Жолдас (500 метр) өтті. Сондай-ақ ерлер құрамасы да эстафетаға жолдама алды.

       https://kaz.inform.kz/