фото: https://pixabay.com/
Келтірілген залал - 24 873 230 теңге
Павлодарда ер адам ажырасып кеткен әйелінің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды облыстық сот.
Қылмыстық іс Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - адамдар тобының алдын ала сөз байласып, өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою.
"Ер адам бұрын неке қатынасында болған жәбірленуші әйелдің "Toyota Land Cruiser 200" автокөлігін өртеуді ұйымдастырған. Ол қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін туысына ақшалай сыйақы уәде берген", - дейді сотта.
Ер адамның туысы 2024 жылдың 4 тамызында жанар-жағармай құю бекетінен 1 литр бензин сатып алған. Сағат 02:20-да Павлодар қаласындағы жәбірленушінің тұрғылықты жеріне келіп, тұрақтағы автокөліктің капотына бензин құйып, өртеп жіберген.
Келтірілген залал - 24 873 230 теңге. Алайда сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады.
Сот үкімімен экс-күйеу 6 жыл 8 айға, ал туысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар материалдық шығынды өтейтін болады.
Дерек көзі:https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через