«Өзбекәлі» спектаклі

«Өзбекәлі» спектаклі
фото: www.instagram.com

       «Талант»  жастар театрының актерлік құрамы өнер көрсететін «Өзбекәлі» тарихи-драмалық спектаклі республикалық гастрольдік сапарға шығады.

       Қойылым қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, ұлт руханиятының жанашыры Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдық мерейтойына орай сахналанған. 2025 жылы көрерменге жол тартқан спектакль жоғары бағаланып, енді еліміздің барлық өңірлерін қамтитын гастрольдік сапарды бастамақ.

       Алматы қаласында «Өзбекәлі» спектаклі 9, 14, 15 және 22 наурыз күндері Ұйғыр театрында сахналанады. Ал сәуір айынан бастап шығармашылық ұжым республика бойынша гастрольдік сапарын жалғастырады.

       Қойылымда Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді жаңғырту жолындағы ерен еңбегі, қайраткерлік болмысы мен елге деген адалдығы көркем бейнеленеді.

      Жоба жетекшісі – Қайрат Кенжебекұлы, Қоюшы-режиссері – Ринат Уәлиев.