10 мың орындық жаңа нысан UEFA талаптарына сай болады
Бүгін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай стадион жобасымен танысып шықты.
"Жаңа нысан UEFA талаптарына сай болады. Ол жерде негізгі футбол алаңы, спорттық-сауықтыру кешені, жаттығу және қалпына келтіру аймақтары, сондай-ақ, қосалқы және техникалық бөлмелер қарастырылған", - деп жазды Ақтау қаласының әкімдігі.
Аймақ басшысы жобаны одан әрі нақтылауға тапсырма берді. Одан кейін құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен атқарылады.
Айта кетері, былтыр "Каспий" футбол клубы мерзімінен бұрын Қазақстанның бірінші лигасының жеңімпазы атанды. Осылайша, Премьер-Лигаға жолдама алып, елдің ең мықты командалары қатарына қайта қосылды.
Заманауи стадионның салынуы Маңғыстау облысының спорттық әлеуетін арттыруға және футболды одан әрі дамытуға маңызды серпін бермек.
Дерек көзі: https://sputnik.kz