фото: kaz.inform.kz
Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетіп жатыр. Әлемдік рейтингте 798-орында тұрған 18 жастағы спортшы Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Екінші айналымда Әмір Омарханов Оңтүстік Корея өкілі Ким Джун Гунмен кортта кездесті. Алғашқы сет тартысты өтіп, қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басым түсті. Ал екінші партияда Әмір қарсыласына бірде-бір гейм бермей, 6:0 нәтижесімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандасымыз турнирде алғашқылардың бірі болып ширек финалға шықты. Оның келесі қарсыласы жарыстың келесі кезеңінде белгілі болады.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через