Алматыда қысқы Азия ойындары өтеді

Алматыда қысқы Азия ойындары өтеді

фото: https://pixabay.com/

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы Азия Олимпиада кеңесі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Бастапқыда дүбірлі доданы Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған болатын. Бірақ өткен айда Сауд Арабияның Олимпиада мен Паралимпиада комитеттері және Азия Олимпиада кеңесі бұл жоспардың белгісіз уақытқа кейінгі шегерілгенін мәлімдеді.

Осы аптада, яғни 5 ақпанда биылғы Олимпиаданы өткізіп жатқан Италияның Милан қаласында Қазақстан мен Азия Олимпиада кеңесі ресми келісімді рәсімдеуге ниетті.

Дерек көзі:https://sputnik.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз