Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына енді

Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасының үздік қақпашылары қатарына енді
фото: : anarbekov_temirlan77 / instagram https://kaz.inform.kz/news/

       Алматылық «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков UEFA Чемпиондар лигасы 2025/26 жылғы маусымының негізгі кезеңіндегі үздік қақпашылар тізіміне енгізілді.

       UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне қатысушы командалардың қақпашылары жасаған сейвтер саны бойынша жарияланған статистикалық деректерге сәйкес ол көшбасшылар қатарына енді.

       Аталған турнирдің сегіз турынан кейін Темірлан Анарбековтің еншісіне 36 сейв жазылған, бұл - барлық қатысушы команда қақпашылары арасындағы үшінші көрсеткіш.

       Рейтингтің көш басында норвегиялық «Бодо Глимт» клубының ресейлік қақпашысы Никита Хайкин тұр, ол қақпаға бағытталған 49 соққыны қайтарған. Екінші орында испаниялық «Реал Мадрид» клубының бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа (41 сейв) жайғасты.

       Ал Темірлан Анарбековтен төмен франциялық «Марсель Олимпик» командасының аргентиналық қақпашысы Хиронимо Рулли (ол да 36 сейв), чехиялық «Славияның» қақпашысы Йиндржих Станек (34 сейв) келеді.

       UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің алғашқы екі турында «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза 11 сейв жасап үлгерді.

       Айта кетсек, негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

       https://kaz.inform.kz/