фото: pixabay.com
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекі, папирос және қыздырылатын темекі өнімдеріне арналған жаңа ең төменгі бөлшек сауда бағалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап фильтрлі және фильтрсіз 20 дана темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне арналған ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгені құрады.
2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін бұл өнімдердің ең төменгі бағасы 920 теңге болған.
Сонымен қатар, Жаңа Салық кодексіне сәйкес, 2026 жылдан бастап акцизделетін тауарларға қолданылатын барлық қолданыстағы акциз мөлшерлемелері 10%-ға ұлғаяды.
Бұл өзгеріс темекіге, алкогольге, мұнай өнімдеріне және басқа да санаттарға қатысты.
Атап айтқанда, темекі және темекі өнімдеріне арналған акциз мөлшерлемелері (1000 дана сигаретке шаққанда) төмендегідей кезең-кезеңімен өседі:
- 2026 жылдан бастап – 18 051 теңге;
- 2027 жылдан бастап – 21 163 теңге;
- 2028 жылдан бастап – 21 880 теңге;
- 2029 жылдан бастап – 23 279 теңге;
- 2030 жылдан бастап және одан кейін – 25 607 теңге.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через