Субсидия қарызы шаруаларды ауыр несиеге ұрындырып жатыр

Субсидия қарызы шаруаларды ауыр несиеге ұрындырып жатыр
фото: https://www.istockphoto.com

       «ҚазАгроҚаржының» лизинг шарты қазіргі инфляцияның алдында қауқарсыз. Сенатор Бекболат Орынбеков депутаттық сауалында осындай мәселе көтерді.

       Депутат «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау өте баяу жүріп жатқанын айтады.

       — Сондай-ақ, мемлекеттің шаруалар алдында 341,3 млрд теңге субсидия қарыз бар. Оның 152,2 млрд теңгесі пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге тиесілі. Төлемдердің уақтылы жасалмауы фермерлерді несиені 20-22% коммерциялық мөлшерлемемен өтеуге мәжбүрлейді. Бұл іс жүзінде оларды қарызға батырады, — деді ол.

       Сенатор жеңілдетілген несиеге фермердің бәрі қол жеткізе алмайтынын да сынады. қолжетімділіктегі теңсіздік мәселесіне де тоқталды.

       — Екінші деңгейлі банктер ауылдағы активтерді бағалағанда консервативті саясат ұстанып, кепіл мүлкін төмендетілген коэффициентпен алуы шағын және орта қожалықтардың қаржы тарту мүмкіндігін шектеп отыр. Ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейінің 75%-дан асып кеткен. Сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингтік бағдарламаларының қазіргі инфляциялық жағдайларға сәйкес келмейді Осы мәселелер бойынша Үкіметтің ұстанымын білгіміз келеді. Субсидиялар бойынша берешекті өтеудің егжей-тегжейлі ай сайынғы кестесін ұсыну қарастырылған ба? Фермерлердің шығындарын өтеудің құқықтық тетігі бар ма? «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы несие беру тетігін заңнамалық деңгейде бекіту мүмкіндігі қарастырыла ма? Ауылдағы жылжымайтын мүлік пен жер пайдалану құқығын әділ бағалайтын арнайы мемлекеттік институт құру немесе кепілдік қорларының мүмкіндіктерін кеңейту жоспарда бар ма? Инвестициялық субсидиялардың кемінде 50 пайызын алдын ала төлеу тетігін енгізу мүмкін бе? Үкіметтің тек өндіріске ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған жобалар үшін ұзақ мерзімді несие беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты ұстанымы қандай? — деп сұрады Бекболат Орынбеков.

       https://kaz.inform.kz/