фото: pixabay.com
Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша, бірқатар шайдың сатылымына шектеу қойылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: gov.kz
– Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы № 1-ПГСВ қаулысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мақсатында сатып алу нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің, Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі талаптары» (029/2012 КО ТР), «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайды әкелуге және сатуға тыйым салынды, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласында бақылау мақсатында сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар (сары «күн батуы» (E110), тартразин (E102), понсо 4R (E124)) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталды. Оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.
Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеу барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталды. Бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.
Осыған байланысты, келесі қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:
- «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
- «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)
- «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
-«Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:
- «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
- «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);
- «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
Фото: gov.kz
Айта кетейік, 45 жастан асқандарға шай ішуді азайтқан жөн. Себебі шай адам ағзасына кальцийдің сіңуін тежейді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через