фото: https://pixabay.com/ru
Осы аптада Қазақстан кинотеатрларында анимациялық шытырман оқиғалардан бастап отбасылық ертегілерге, музыкалық драма мен тартысты триллерге дейінгі бірқатар жаңа фильм прокатқа шығады.
Три богатыря и свет клином
Көрермендер сүйікті мульткейіпкерлер — батырлардың жаңа оқиғасын тамашалайды. Батырлар отбасында қуанышты жаңалық күтіп отырғанымен, тағы да туған князьдікті қорғауға мәжбүр болады. Русь жерін тылсым бұлт торлап, бүкіл әлемді қараңғылыққа батыру қаупі төнеді. Осы сәтті пайдаланған айлакер көпес Колыван Баба Яганың маңайындағы зұлымдармен бірігіп, князьдікке шабуыл жасайды. Батырлар Князьді, қаланы және адал серігі Юлий деген атты құтқаруға аттанады.
Мелодия их мечты
Музыкалық драманы сүйетін көрерменге арналған бұл фильм АҚШ-тың Милуоки қаласында тұратын ерлі-зайыпты Майк пен Клердің өмірін баяндайды. Майк үлкен сахнаны армандайды, ал Клер қалыптасқан өмір шеңберінен шығуды қалайды. Нил Даймондтың шығармашылығынан шабыт алып, дуэт құрған жұп алғашқы өнер көрсетуден бастап табысқа дейінгі жолда махаббат, үміт пен ауыр сынақтарға тап болады. Картина арман мен серіктестіктің күшін көрсетеді.
Буратино
Отбасылық көрерменге арналған классикалық ертегінің жаңа интерпретациясы экранға жол тартады. Папа Карлоның қолына кез келген тілекті орындайтын сиқырлы кілт түседі. Ұлды болуды армандаған шебердің тілегі қабыл болып, жан біткен бөренеден ағаш бала Буратино пайда болады. Үлкен сапарға аттанған кейіпкер өзінің шынайы әрі сүйіспеншілікке лайық ұл екенін дәлелдеуге тырысады.
Чебурашка
Чебурашка жайлы хикая да жалғасын табады. Бір жыл өткен соң ол есейіп, дербестікке ұмтылады, бұл Гена екеуінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді. Туған күндегі күтпеген жағдай балалардың тауға қашуына себеп болады. Алда оларды қауіпті шытырман оқиғалар күтсе, ересектерге бір-бірін тыңдап, түсінуді үйренуге тура келеді.
Снеговик
Отбасылық көрерменге арналған басты премьералардың бірі — жаңа жыл мерекесі қарсаңында өрбитін ертегілік фильм. Сиқырлы әлемде Аяз атаның күші әлсірей бастайды. Осыны пайдаланған зұлым Вьюга адамдар әлеміне аттанып, жер бетін мәңгілік аязға айналдыруды көздейді. Адамдарды құтқаратын жалғыз үміт — Варя есімді қыз жасаған тірі снеговик. Олар бірге ежелгі сиқыр көзін тауып, уақыт жұмбақтарын шешіп, мерекені қайта оралтуы тиіс.
Охота на розового зайца
Премьералар қатарын қазақстандық драмалық фильм түйіндейді. Картина әскерден оралған жас десантшы Мирас туралы баяндайды. Ол күтпеген жерден «алтын жастардың» қауіпті ортасына тап болады. Қала сыртындағы кеште болған оқиғалар оның өмірін күрт өзгертіп, таңдау жасауға мәжбүрлейді: бәріне бейжай қарау немесе шындық үшін соңына дейін бару.
Айта кетейік, өткен апта отандық және шетелдік жаңа фильмдермен қуантқан еді. Комедиядан бастап экшн, анимация мен музыкалық киноға дейінгі түрлі жанрдағы туындылар көрермен назарына ұсынылды.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через