Бас прокуратура WhatsApp-қа қатысты жаңа киберқауіп туралы ескертті

Бас прокуратура WhatsApp-қа қатысты жаңа киберқауіп туралы ескертті
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/agrobacter

       Бас прокуратура WhatsApp мессенджерінде жаңа киберқатердің пайда болғанын хабарлайды. «GhostPairing»  деп аталатын бұл алаяқтық тәсіл арқылы қаскөйлер аккаунттарға құпиясөзсіз әрі SIM-картасыз қол жеткізе алады.

       Алаяқтар WhatsApp-тағы қосымша құрылғыларды байланыстыру мүмкіндігін пайдаланып, өзін ресми қызмет атынан таныстырып, жалған сілтемелер жібереді. Сол сілтеме арқылы енгізілген растау коды аккаунттың бөгде адамдардың бақылауына өтуіне себеп болуы мүмкін.

       Қауіптің алдын алу үшін WhatsApp-тағы «Байланыстырылған құрылғылар» бөлімін жиі тексеріп отырыңыз. Белгісіз құрылғы анықталса — оны бірден ажырату қажет.

       Сақтансаң сақтайды демекші, өзіңізді және жеке деректеріңізді қорғаңыз!