Астанада бұқаралық шаңғы жарысы өтеді

Астанада бұқаралық шаңғы жарысы өтеді
фото: Астана әкімдігі

         Астанада 24 қаңтар күні бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылады. Жарыс сағат 10:00–де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

         Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шара аясында спорттың 4 түрі бойынша жарыстар өтеді. Атап айтқанда: қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс және белбеу күресі.

 — Бұл жарыс дәстүрлі спорттық шараға айналды. Негізгі бәсеке — шаңғы жарысы. Ол 16 жас ерекшелік санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі. Қашықтықтар 500 метрден бастап 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00–де басталып, жалпы старт 11:00–де беріледі. Барлық жарыстарға қатысу тегін. Барша тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, — деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

         Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.

         https://kaz.inform.kz/