2027 жылы ҰБТ тапсырмалары халықаралық стандарттарға бейімделеді

2027 жылы ҰБТ тапсырмалары халықаралық стандарттарға бейімделеді
фото: tengrinews.kz

       Ұлттық бірыңғай тестілеу мазмұнын өзгерту жоспарланған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова айтты. 

       Оның айтуынша, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу өзгермейді. Алайда 2027 жылдан бастап ҰБТ тапсырмалары талапкерлердің дағдысын бағалау үшін халықаралық стандартталған тестіге бейімделеді.

   - Биыл ҰБТ өзгермейді. Келесі жылдан бастап тапсырмалар мазмұны талапкерлеріміздің дағдысын айқындауға мүмкіндік беретін халықаралық стандартталған тестіге бейімделетін болады. Осы орайда бұл талапкерлерімізге қосымша жүктеме болмайтынын, керісінше олардың қаншалықты білімді екенін, оларды білім алу барысында қалай қолдана алатынын анықтауға мүмкіндік беретіндігін тағы да атап өткім келеді, - деді комитет төрағасы.

       https://kaz.inform.kz/