фото: https://pixabay.com/ru/users/ajs1
Жүргізушілер Астана – Щучинск тасжолында жылдамдық үшін салынған айыппұл мөлшері көбейгеніне шағымданып жатыр. Бұған қолайсыз ауа райы кезінде фото және бейнебақылау камераларының автоматты түрде "қысқы режимге" ауысып, төмендетілген жылдамдық шегін тіркеуі себеп болған.
Не болды?
ІІМ мәліметінше, боран, көктайғақ және өзге де күрделі метеожағдайларда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кей учаскелерде жылдамдық шектеуі енгізіледі. Осы кезде камералар төмендетілген лимитті негізге алып, заң бұзушылықтарды тіркейді.
Шағым
Алайда әлеуметтік желілерде жүргізушілер наразылық білдіріп жатыр. Threads қолданушыларының бірі Щучинск – Астана тасжолында жылдамдық 60 шақырым/сағ-қа дейін шектеліп, көптеген жүргізушіге айыппұл келгенін жазды. Пікірлерде өзге де автокөлік иелері осыған ұқсас жағдайларға тап болғанын растаған.
Қазір кей жүргізушілер айыппұлдарды даулауға дайындалып, заңгерлерден кеңес алып жатқанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін желілерде "камерлар 66 шақырым/сағ-тан бастап айыппұл салады" деген ақпарат тараған, алайда ІІМ оны фейк деп атаған еді.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через