Қазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша үздік 10 елдің қатарына кірді

Қазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша үздік 10 елдің қатарына кірді
фото: https://pixabay.com/

2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылды. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді

Қазақстан онлайн қызметтер сапасы бойынша топ-10 елдің қатарына кірді, деп хабарлады Жасанды интеллект пен цифрлық даму министрлігі.

"2025 жылы Қазақстанда екі суперкомпьютер іске қосылды. Олардың бірі әлемдегі 500 суперкомпьютер арасында 86-шы, ал екіншісі 103-і орынды иеленді", - деді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев.

Ол сондай-ақ Astana Hub қазір Қазақстанның 20 өңірінде жұмыс істеп тұрғанын және шетелге шыққанын атап өтті: хабтар АҚШ-та, Қытайда, БАӘ-де және Ұлыбританияда ашылған.

Дерек көзі:https://sputnik.kz