Қазақстанда энергия сақтайтын алып стратегиялық нысан салынады

Қазақстанда энергия сақтайтын алып стратегиялық нысан салынады

фото: https://pixabay.com/

Бүгінде Алматы облысында 2 ГАЭС жобасы пысықталуда. 

Осылайша, еліміз энергожүйенің маневрлік мүмкіндігін арттыруға бағытталған гидроаккумуляциялық электр станцияларын салуды жоспарлап отыр.

ГАЭС "энергетикалық аккумулятор" қағидатымен жұмыс істейді. Онда электр энергиясы артық өндірілген кезеңде су жоғарғы су қоймасына айдалады, ал тұтыну шарықтаған уақытта төменге жіберіліп, турбиналар арқылы электр энергиясы өндіріледі.

Бүгін Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы ұйымдастырылды.

Отырысқа энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Қоғамдық кеңес мүшелері, сонымен қатар министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өтуі, сондай-ақ энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралған.

Сонымен қатар, энергия жинақтау жүйелері нарығын дамыту және гидроаккумуляциялық электр станцияларын енгізу перспективалары талқыланды.

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің белсенді дамуына байланысты энергия жинақтау жүйелері жобалары іске асырылып жатыр. Бұл жел және күн электр станцияларында өндірілген энергияны жинақтап, оны тұтынудың шарықтау кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді.

"Жасыл" энергетика саласына TotalEnergies, Masdar, China Power және China Energy сияқты ірі халықаралық инвесторлар тартылып отыр. Бұл компаниялар қуаттылығы әрқайсысы 1 ГВт-қа дейін жететін жел электр парктерін салуда. Әрбір жел паркі жанынан қуаты 300 МВт болатын энергия жинақтау жүйелерін салу да көзделген. Бүгінде іске асырылып жатқан жобалардың жиынтық көлемі – 1,6 ГВт.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Жазылу