фото: https://kaz.inform.kz/
Оған қаланың гидтері, экскурсоводтары, туроператорлары және қаланың туристік қауымдастықтары қатысты. Іс-шара барысында ұлттық музыкалық аспаптардың көрсетілімімен «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің концерттік шоуы көрсетілді.
Сондай-ақ мұражай экспозициялары таныстырылды. Музейде 1600-ден астам ұлттық музыкалық аспап қойылған. Оның ішінде сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған көне аспаптар — желбуаз, мес сырнай, уілдек, тастауық және тағы басқалар ерекше орын алады. Бұл аспаптардың барлығы мұражай қызметкерлерінің қолымен жасалған.
Мұражай жанында Болат Сарыбаев атындағы ғылыми-зертханалық шеберхана жұмыс істейтін болады. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған бұл орталықта ұлттық музыкалық аспаптар ғылыми негізде зерттеліп, жаңғыртылып, көпшілікке ұсынылмақ.
Сонымен қатар мұнда ұлттық киімдер мен бас киімдердің бірегей коллекциясы да бар. Ауқымды мәдени іс-шаралар кезінде музей қызметкерлерінен құралған JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP мультиаспаптық ансамблі өнер көрсетеді.
Мұражай XIX ғасырдың соңында салынған көне мектептің ғимаратында орналасқан. 1982 жылдан бастап нысан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған болатын.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через