Вандализмге жол жоқ

Вандализмге жол жоқ
фото: https://pixabay.com/ru/users/taniadimas

     Астананың абаттандыру жұмыстарымен танысу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмге қарсы күрес қажетін айтты.

     Президенттің вандализмге қатысты сұрағына жауап берген Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: "ондай деректер бар, бірақ көп емес", - деді.

     "Әйтсе де, халық көріп отыр, мәдениет қалыптасып келеді", - деді қала басшысы.

"Вандализмге жол жоқ, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек", - деп қадап айтты Тоқаев.

     Бұған дейін Астана полициясы қоғамдық орындарда камераға түскен вандализм оқиғаларының видеоларын жариялаған.

     https://kaz.tengrinews.kz/