Қазақстанда дипфейктер үшін жауапкершілік енгізіледі

Қазақстанда дипфейктер үшін жауапкершілік енгізіледі
фото: pexels.com

Қазақстанда дипфейктерді жасап, таратқандарға жауапкершілік енгізіледі, деп жазды kaz.inform.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун тиісті нормалар жасанды интеллект туралы заңда бекітілетінін хабарлады.

- Дипфейктер үшін жауапкершілік болады. Жасанды интеллект туралы заңда тиісті нормалар қамтылады. Осы орайда ЖИ арқылы жасалған өнімдер болса, тұтынушылар осы жайында хабардар болуы тиіс. Сондықтан әкімшілік жауапкершілікке қатысты жазалау мен тиісті нормалар заңнамада қарастырылады. Біз осы бойынша жұмыс тобының құрамындамыз - деді ол Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Жақында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дипфейк авторларын алаяқтық, бопсалау немесе заңсыз ақша жинау үшін жауапқа тартуға шақырды.