фото: Сурет видеодан алынды
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.
Осылайша танымал блогерден пәтер ұтып алу үшін ерсі іс-әрекетке барған ер адам 15 тәулікке қамалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға осы жылдың 21 қазанында болған. Ер адам Астанадағы сауда орталығында ішкиіммен жүріп, "Маған пәтер сыйла!" деп айқайға басқан.
– Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық орында әкімшілік құқықбұзушылық жасады. Айыпталушының кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, ер адамның түсініктемелері және Instagram желісінде жарияланған видеомен расталды. Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Ол сотқа пәтер ұтып алу үшін өзіне назар аудартқысы келгенін түсіндірді, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот ер адамды кінәлі деп санап, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған. Әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбадан ер адамның танымал блогер өткізген пәтер ұтысына қатысқысы келгенін аңғару қиын емес.
Аружан Бектасова, Астана қаласы, ПД баспасөз қызметінің өкілі: — Жүргізілген іс-шара нәтижесінде 26 жастағы құқық бұзушының жеке басы анықталды. Аталған азаматқа ұсақ бұзақылық жасау бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қоғамдық орында іш киіммен ары-бері жүгірген азаматтың қолында «маған пәтер сыйла» деген жазуы да бар.
Блогер ұсынған тегін баспанадан құр қалғысы келмей, миға қонымсыз әрекетке барған тағы бір отандасымыз бар, деп жазды ktk.kz. Жетісу облысында Сейфулла есімді азамат аты мен тегін сол блогердің әлеуметтік желідегі никнэймына ауыстырған. Құжатын өзгерту үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мұның бәрін видеоға түсіріпті.
Материал inbusiness.kz, ktk.kz сайттарынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через