фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/FatCamerа
"AMANAT" партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.
Оның айтуынша, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 3%-ға, ал нәресте өлімі 22,7%-ға азайды.
Біз 2029 жылға қарай халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын кемінде 77 жасқа жеткізуді көздеп отырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш алғаш рет 75 жыл 4 айға жетті. Мемлекет басшысының тұрақты қолдауының арқасында денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарта алдық, – деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
https://baq.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через