Энергетикалық сусындарға тыйым

Энергетикалық сусындарға тыйым
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/ArseniiPalivoda

       Ұлыбританияда литріне 150 миллиграмнан жоғары кофеин мөлшері бар энергетикалық сусындарды 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге сатуға тыйым салу мәселесі бойынша қоғамдық кеңес басталды.

       Ұлыбритания үкіметі құрамында литріне 150 мг-нан астам кофеин бар энергетикалық сусындарды 16 жасқа толмаған балаларға сатуға тыйым салу мәселесі бойынша қоғамдық консультациялар басталғанын хабарлады.

       Денсаулық сақтау министрі Уэс Стритингтің айтуынша, энергетикалық сусындар қауіпсіз көрінгенімен, олардың құрамындағы кофеин мен қант балалардың ұйқысы мен зейінін бұзып, семіздікке әкелуі мүмкін.

       Зерттеулер дерегінше, елде шамамен 100 мыңға жуық бала күн сайын кемінде бір энергетикалық сусын тұтынады. Бұл олардың оқу үлгерімі мен психикалық денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Білім министрі Бриджит Филлипсон бұл бастаманы "тарихтағы ең дені сау ұрпақты тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам" деп атады.

       Ата-аналар мен мұғалімдердің қолдауымен енгізілетін бұл тыйым 40 мыңға жуық баланы семіздіктен қорғап, келешекте денсаулық сақтау саласында миллиондаған фунт стерлинг үнемдеуге мүмкіндік береді.

       Қазақстанда да энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға заңмен тыйым салынған.