фото: https://aqshamnews.kz/
Қатысушылар 10-нан 42,2 километрге дейінгі қашықтықты еңсерді
Бүгін Алматыда ең ірі күзгі старт – Almaty Marathon 2025 өтті, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Марафон 14-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бүгінде ол 60 елден 16 мыңнан астам спортшы мен әуесқойдың басын қосты.
Қатысушылар 10-нан 42,2 километрге дейінгі қашықтықты еңсерді.
"Almaty Marathon Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру оқиғасы екенін растады әрі Алматының өңірдегі жүгіру орталығы ретіндегі позициясын нығайтты", - деп жазылған хабарламада.
13 медициналық пункт, 12 жедел жәрдем көлігі, 10 велодоктор және 90-ға жуық медициналық ерікті қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
https://sputnik.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через