фото: pixabay.com
Ішек жұқпалары – біріншіден ас қорыту жолын зақымдайтын зиянды аурулардың бір тұтас тобы.
Қазіргі таңда жіті ішек ауруларының пайда болу себептерінің бірі тағаммен байланысты болып отыр, олардың саны жаз-күз айларында көбейеді, себебі бұл кезде жеміс-жидектер мен көкөністерді көп мөлшерде қолданылады.
- Жіті ішек аурулары қоздырғышы адам ағзасына лас қолдар, ластанған су және тағамдар арқылы, жуылмаған жеміс жидектер мен көкөністер, науқас қолданған заттар (ыдыс аяқ, төсек әбзелдері, және т.б. қолданатын бұйымдар) арқылы түседі, дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Жақыбай Саида Ыбышқызы.
Жұқпалы аурулардың отыз шақты түрі бар.
Олардың ең жеңіл жүретін түрі – тағамнан улану, ал ең қауіптісі – тырысқақ пен іш сүзегі, ботулизм және т.б.
Ішек жұқпаларының қоздырғыштарына жататындар:
- бактериялар (тырысқақ пен іш сүзегі, сальмонеллезқоздырғыштары), олардың токсиндері (ботулизм);
- вирустар ( энтеровирустар, ротавирустар) және т.б.
Микроб жұқпа тасымалдаушы адамнан микроб сыртқы ортаға нәжіс, құсу арқылы кейбір жағдайдарда кіші дәрет арқылы шығады. Жұқпа қоздырғыштардың барлық түрі өте төзімді болып келеді.
Олар топырақта, суда және әр түрлі заттардың үстінде көп уақыт сақталып қалады. Мысалы қоздырғыштар ыдыс-аяқта, есік тұтқаларында және жиһазда болады. Ішек микроптары суыққа төзімді болып келеді, алайда олар жылы және ылғалды жерлерді ұнатады. Микробтар сүт тағамдарында, тартылған етте, ұйымада (холодецте) сонымен бірге суда өте тез көбейеді ( әсіресе жаз мезгілінде), дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Жақыбай Саида Ыбышқызы.
Жіті ішек жұқпалары ауруларының 25% тұрғындарға көше бойында бей-берекет сатылатын тағамдарды пайдаланған кезде жұғады.
Бей-берекет көше сауда бойында маринадталған саңырауқұлақтар, сут және сүт тағамдары (ірімшік, қаймақ), балық және жұмыртқа тағамдарын сатып алған кезде, сақталу мерзімі өтіп кеткен консервіленген тағамдарды пайдаланғанда, демалуға шыққанда немесе жай ғана қолды және жеміс-жидектерді жууды ұмытып кеткен кезде ішек таяқшаларының қоздырғыштарын жұқтыруға болады.
Ауру адамда асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен қатар әлсіздік, дене қызуы, іштің бүріп ауруы, жүрек айну, құсу, іш өту клиникалық белгілері болады. Осындай клиникалық белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.
Жіті ішек жұқпасының микроптары адам ағзасына ауыз арқылы және кір қол арқылы түседі.

pixabay.com
Жіті ішек жұқпасын болдырмау үшін қарапайым ережелерді сақтаған жөн:
- Тамақтанар алдында және дәретханадан кейін, сырттан серуендеп келегенде қолды сабындап жуу керек.
- Суды тек қайнатып қана ішу керек. Ашық суқоймаларынан, арықтан суды ішуге болмайды.
- Жеміс-жидекті мұқият жуып, ыстық сумен шайқап жеу керек.
- Шөлмектегі және пакеттегі сүтті қайнатып ішкен дұрыс.
- Етті кем дегенеде 2-2,5 сағат, ал балықты 30 мин қайтану керек.
- Дайын тағам мен шикі тағамдарға ортақ кесетін тақтай пайдалану дұрыс емес.
- Майонез не маймен араласқан салаттарды 3 сағаттан ұзақ сақтауға болмайды.
Көкөністер, жартылай фабрикаттар 6 сағатқа дейін ғана сақталу керек.
- Егер тағам 5 сағаттан ұзақ сақталса, оны қайнатып пайдаланған жөн. Жаңа әзірленген тағамды тұрып қалған тағамммен араластыруға болмайды.
- Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек.
- Арнайы рұқсат етілген су қоймаларында ғана шомылу керек.
- Үйдегі тағамдардың қалдықтарын дер кезінде қоқысқы шығарып тұру керек.
- Көше бойынша сатылатын тағамдарды сатып алуға болмайды.
Егер сізде ішек жұқпасының алғашқы белгілері пайда болса, дереу дәрігерге көрініңіз. Өздігінен ем қолдануға болмайды, әсіресе антибиотиктерді пайдаланбаңыз.
Естеріңізде болсын! Жеке бас гигиенасын сақтау, тұрғын жайларды таза ұстау арқылы Сіз өзіңізді және қоршаған адамдарды ішек жұқпаларынан қорғай аласыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через