фото: pixabay.com
Нашақорлық бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның дерті. Бүгінгі таңда нашақорлықтың таралуына байланысты ақпараттық технологиялар мен интернеттің рөлі де маңызды.
Есірткі сатушылар интернет арқылы өз өнімдерін оңай таратады, ал бұл өз кезегінде есірткіге қолжетімділікті арттырады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткілердің жарнамасы мен сатылымы жүргізіледі, бұл әсіресе жастар үшін қауіпті.
Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, елімізде тіркеуде тұрған 18 мың нашақор бар екен. Бұлар денсаулық сақтау мекемесіне өз еркімен барып, ресми тіркелгендер ғана. Ал, нақты қарайтын болсақ, бұл көрсеткіш одан да көп болуы мүмкін.
Нашақорлықпен күресудің тиімді жолы – емдеу және реабилитация. Бұл процесске медициналық көмек, психологиялық қолдау және әлеуметтік реабилитация кіреді.
Нашақор, маскүнемдерді емдеудің қандай ерекшеліктері бар? Мұндай науқастар емделуге өз еркімен келе ме? Тәуелділікке тап болғандар ем қабылдамаса қандай күйге ұшырауы мүмкін?
"Сапалы Қазақстан" порталының тілшісі осы сұрақтарға жауап алу үшін «Возрождение Life» оңалту орталығының психолог-маманы Жидебаева Ләйлә Керімқұлқызымен сұхбаттасып қайтқан еді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через