Аружан есімді блогер сіңлілерімен бірге Балқаштағы демалыс орнында демалған. Айтуынша, олар катерге байланған үрлемелі аттракционға отырған. Алайда оны тізгіндеген жігіттің оқыс қимылынан суға құлап, батып кете жаздаған.
"Биылғы жылдың 8 тамызында Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетілуіне байланысты полицияға жүгінді", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, жауап алынды.
Құқық бұзушылықтың жасалуына себеп болған жағдайлар мен мән-жайды толық анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
"Кінәлілер лайықты жазасын алады", - деп түйіндеді полиция.
ҚазАқпарат