Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады
фото: https://pixabay.com/ru/

Ақмола облысындағы оқыс оқиға бүгін сағат 17:40-та болған. UP-La229 жеңіл моторлы ұшағы Төңкеріс ауылының маңында құлаған. Қазір тергеу комиссиясы құрылды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері төтенше жағдай салдарынан екі адамның - ер адам мен әйелдің қайтыс болғанын растады.

Марқұмдардың кім екені анықталып жатыр.

Көлік министрлігі хабарлағандай, ведомствоның апаттарды тергеу департаментінің қызметкерлері ұшақ құлаған жерге аттанды.

ҚазАқпарат