фото: https://pixabay.com/
Apple тағы бір тарихи межені бағындырды. Компания iPhone сатылымы 3 миллиардтан асқанын мәлімдеді. Бұл туралы Apple бас директоры Тим Кук ресми түрде хабарлады.
2007 жылы алғашқы iPhone таныстырылғаннан бері бұл смартфон тек гаджет емес, технологиялық мәдениеттің символына айналды.
Еске салсақ, компания 2018 жылдан бері сатылым деректерін жарияламай келген еді. Соңғы рет 1 миллиардыншы iPhone 2016 жылы сатылған болатын. Содан бері арада көп уақыт өтпесе де, сатылым қарқыны екі есе артқаны байқалады.
Apple бұл қарқынын тоқтатпайтынын білдіріп отыр. Жалпы, 2027 жылға дейін кем дегенде алты жаңа модель жарық көреді деген жоспар бар.
https://ozgeris.info/kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через