Жаһандық теңсіздік: байлық пен кедейлік

Жаһандық теңсіздік: байлық пен кедейлік
фото: https://pixabay.com/ru/

       2025 жылдағы деректер бойынша, әлемдегі ең бай және ең кедей елдер халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткішімен өлшенеді. Бұл – елдің экономикалық әл-ауқатын салыстыруға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің бірі. Айталық әлемдегі ең бай ел -- Люксембург

       Жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша  жан басына шаққанда  шамамен 140,000–145,000 АҚШ долларын құрайды. Ең бай мемлекеттің қатарына жатқызудағы басты себеп бұл елдің қаржы және банк секторы дамыған, салық салу жеңілдіктері бекітілген. Және халық саны жағынан аз болғанымен, табыс жоғары. Сондай-ақ, бұл елдің Еуропалық Одақпен барлық маңызды салаларда тығыз әрі үйлестірілген серіктестік орнатуға ұмтылуы да Люксембургтің бай болуына үлкен мүмкіндік береді.

       

       Ал статистика бойынша  әлемдегі ең кедей мемлекет – Бурунди Республикасы. Ол елде жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда ЖІӨ жан (2025): шамамен 250–300 АҚШ доллары белгіленген. Ең төмен табысты ел қатарына жатқызу себебі, біріншіден ұзаққа созылған ішкі саяси тұрақсыздық әсер еткен. Екіншіден инфрақұрылым нашар. Ауыл шаруашылығы дамымаған. Білім мен денсаулық сақтау жүйесі әлсіз.

       Қорыта айтқанда: Әлем елдерінің бай немесе кедей болуына табиғи ресурстар, мемлекеттік басқару сапасы, инвестициялар, білім беру жүйесі, және саяси тұрақтылық сияқты бірнеше факторлар әсер етеді.

      Қазақстан рейтинг әлемін қамтитын мемлекеттердің ішінде жоқ.  ТМД елдерінің ішінде тек Украина антирейтингте. Қалғандары "орташа" деңгейде болғандықтан, аты аталмаса керек.

       Standard.kz