Халықтың табиғи өсімі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр

Халықтың табиғи өсімі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр
фото: https://pixabay.com/ru/

 

Ұлттық статистика бюросы алты айдағы ішкі көші-қон туралы ақпаратты жариялады.

2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 370 672 адамды құрады. Жыл басынан бері өсім 87,2 мың адамды құрады, оның ішінде:

табиғи өсім есебінен – 80 мың адам;

көші-қон есебінен – 7,2 мың адам.

Түркістан облысы халық санының өсімі бойынша ең төменгі көрсеткішке ие болды. Табиғи өсім бойынша облыс көш бастап тұрса да, аймақта туғандар санына қарағанда кетіп жатқандар саны көбірек:

2025 жылдың басынан табиғи өсім 15372 адамды құрады;

осы кезеңде облыстан 18 421 адам кеткен.

Бұл ретте Астанада халық санының өсімі шамамен 37 мың адамды, Алматыда 23 мыңға жуық адамды құрады.

ҚазАқпарат