Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды

Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды
фото: https://kaz.tengrinews.kz/news/kamchatka

       Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жоғары магнитудалы жер сілкінісі Тынық мұхитта, Ресейдегі Комсомольск-на-Амур қаласынан (халқы – 275 000 адам) шығысқа қарай 1641 шақырым жерде және Петропавловск-Камчатский қаласынан (187 000 адам) шығысқа қарай 136 шақырым жерде, жергілікті уақытпен сағат 16:49-да (Астана уақытымен 12:49-да) тіркелген.

       Бұл қалалардың тұрғындары жер асты дүмпулерін сезген. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

       https://kaz.tengrinews.kz/