Франциядағы «Off Avignon» фестивалінде қазақ қуыршақ театры зор қошеметке бөленді

Франциядағы «Off Avignon»  фестивалінде қазақ қуыршақ театры зор қошеметке бөленді
фото: https://www.istockphoto.com

Францияның Авиньон қаласында өтіп жатқан әйгілі «Off Avignon» халықаралық театр фестиваліне биыл алғаш рет Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры қатысуда. Қазақ труппасы Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын заманауи стильде, қуыршақтар мен актерлік шеберлікті үйлестіре сахналап, шетелдік көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

Қойылым қазақ тілінде өтсе де, актерлердің эмоциясы мен сахналық әрекеті көрермендерді баурап, тілдік тосқауылды жойды. Көпшілік:

«Сөздерді түсінбедім, бірақ жүрегіммен сезіндім», — деп әсерлерімен бөлісуде.

Театр артистері тек сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, көшеде көріністер ұйымдастырып, көрермендерді қойылымға шақыруда. Бұл – олар үшін тың тәжірибе әрі халықаралық мәдениетке қосқан үлес.

Алматылық театр 26 шілдеге дейін Авиньон сахнасында өнер көрсетуді жалғастырады. Бұл – қазақ өнерін Еуропаға танытатын тамаша мүмкіндік.