фото: https://www.youtube.com/
Арман он үш жаста. Ол өмір бойы ешнәрседен тарықпай, бай отбасында өсті. Оның ата-анасы – табысты кәсіпкер Әділ мен оның барлық қалауын орындайтын анасы – Меруерт. Ата-анасының ерке баласы Арман айналасындағылардың бәрін өз қылықтарымен мезі етті. Бір күні ата-анасы маңызды шаруаларымен бірнеше күнге кетуге мәжбүр болады да, Арман әкесінің көпбалалы досы – Жанібектің үйінде тұруға мәжбүр болады. Жанібек ескі жатақханада отбасымен әрең күнелтіп жүр. Осы жерде Арманның өмірі күрт өзгереді. Бірақ ол бұл жағдайдың – ата-анасының оны тәрбиелеу мақсатындағы авантюралық жоспары екенін мүлде білмейтін.
Атауы: Байдың баласы
Режиссері: Абдусаид Шайхисламұлы
Ұзақтығы: 80 минут
Өндірілген елі: Қазақстан
Шыққан жылы: 2025
Түпнұсқа атауы: Байдың баласы
Рөлдерде:
Ислам Бермағанбет
Ақболат Өтебай
Динара Мирасбек
Ғазиз Ерболат
Сабира Жарасқызы
Ильяр Егінбай
Арың Қанапия
Айна Айдарқызы
Brlk Сайлаубек
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через