Ақбөкен етіне ресми баға қойылды

Ақбөкен етіне ресми баға қойылды
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/brazzo

       Ауыл шаруашылығы министрлігі ақбөкен етінің бағасын жариялады. Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, киік етінің келісіне ұсынылатын баға – 1600 теңге.

       Бұған дейін министр Айдарбек Сапаров ақбөкен етінің түпкілікті бағасы 10 күн ішінде бекітілетінін мәлімдеген болатын.

       Киіктерді аулау және етін тарату процесін Экология министрлігі үйлестіріп отыр. Қазіргі таңда ел бойынша 18 ет өңдеу кәсіпорны киік етін қабылдауға дайын. Өнімнің сапасына ветеринариялық бақылау жүргізіледі.

       Standard.kz