
фото: pixabay.com
Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында 19-20 шілде күндері алғаш рет қазақтың ұлттық сусыны – қымызға арналған ірі мәдени-аграрлық шара – «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ауқымды жобаның бір бөлігі ретінде «Арғымақ» спорт кешенінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше мәдени-спорттық іс-шара – «Ер қанаты» ұлттық жылқылар көрмесі мен «Керемет ат» спорттық бағыттағы жылқыларды жетектеп көрсету ұйымдастырылады.
Көрме сағат 14:00-де басталады.

Фото: pixabay.com.
«Ер қанаты» көрмесі аясында келушілер халқымыздың ғасырлар бойы серігіне айналған, көшпелі өмір салтымен біте қайнасқан Мұғалжар, Көшім, Адай, Қостанай, Жабы сияқты таза қанды қазақы жылқы тұқымдарын тамашалай алады. Бұл жылқылар көлік құралы ғана емес, батыр бабаларымыздың сенімді серігі, тіршіліктің ажырамас бөлігі болған.
Сонымен қатар, ағылшын, ахалтеке және өзге де әлемге танымал спорттық бағыттағы асыл тұқымды тұлпарлар көрсетіліп, көрме қонақтарына олардың сырт келбеті, жылдамдығы мен ерекше қасиеттері туралы кеңірек мәлімет беріледі.
Материал 24.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через