фото: https://www.gov.kz
Ташкентте Орталық Азия елдерінің тұңғыш экологиялық технологиялар көрмесі өтті. Қазақстандық павильондар үздіктер қатарында. Ауқымды щарада еліміздің экология министрлігі жасыл құрылыс материалдары, экожүйені құру тетіктері бойынша стартап жобаларын таныстырды.
«Eco Expo Central Asia» көрмесін өткізу бастамасын әу баста екі елдің экология министрлері көтерген. Орталық Азияның жасыл технологиялар, қоршаған ортаны қорғау бойынша инновациялық көшбасшылары бас қосқан шара өзара тәжірибе алмасу, сындарлы диалог жүргізу алаңына айналды.
Көрмеде Қазақстанның ұлттық павильоны таныстырылды. Көпшіліктің назарын аударған құрылғының бірі пластик құтылар қабылдайтын аппарат болды. Қазақстанда жасалған.
Көрші елде де ауқымды реформалар жүзеге асып жатыр. «Жасыл мекен» жобасы аясында жыл сайын 200 миллион түп ағаш егіледі. Жасыл энергияның үлесін 50 пайыздан асыру үшін ірі жобалар іске қосылған.
БҰҰ есебіне сай, соңғы 50 жылда табиғи апаттар 5 есеге артқан. 2 млрдтай тұрғын су тапшылығын сезініп отыр. Жердің құнары кеміп барады. Міне, осы секілді проблемалармен күресте нақты жобалық ұсыныстар қажет. Көрме аймақ елдеріне өзара инвестиция мен үздік технологиялар тартудың жаңа мүмкіндігін ұсынды.
https://qazaqstan.tv/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через