Сайран көліне тағы бір адам батып кетті

Сайран көліне тағы бір адам батып кетті
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/AntonMalkov

       Кешкі сағат 19:26-да Сайран көлінен 1977 жылы туған ер адамның мәйіті шығарылды. 

       Куәгерлердің айтуынша, марқұм мас күйінде тыйым салынған жерде суға түскен.

       Бүгін сағат 17:30 шамасында 18 жастағы жігіт Сайран көліне батып кетіп, оның өлі денесі табылған болатын.

       Төтенше жағдайлар департаменті Сайран көлінде барлық құрылыс, санитарлық жұмыстар толық аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілгенге дейін шомылуға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

       https://nege.kz/