«Қазақстан» шоколадында Туды бейнелеу қаншалықты заңды

«Қазақстан» шоколадында Туды бейнелеу қаншалықты заңды
фото: https://tabor.ru

 Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадында мемлекеттік Туды бейнелеу қаншалықты заңды екенін айтып берді.

− «Қазақстан» шоколадының болғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бұл да Қазақстанның бір символы ғой. Бұл жерде мынаны түсінуіміз керек, Мемлекеттік Тудың өз стандарттары бар, оның орнаменті бар, оюдан кейін қанша сантиметрден кейін күн орналасуы керек, күннің айналасындағы әрбір шуақтың саны бар, түсі бар. Ал егер оның қандай да бір элементі, орнаменті болмаса, ол Ту болып есептелмейді. Шоколадта да «Қазақстан» деп жазылған, сосын күн салынған, көк түсте болған соң, Ту сияқты көрінеді. Бұл патриоттық сезімді тудыратын әдемі дүние, бірақ толыққанды Ту болып есептелмейді.