Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды

Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат болды
фото: Маңғыстау ТЖС  скан видеосы

Кен орнында ұңғымадан газ-су қоспасы шығып кеткен

Маңғыстау облысындағы мұнай ұңғымасында апат орын алды.

Кен орнында ұңғымадан газ-су қоспасы шығып кеткен. Апат "Толқын" кен орнындағы №57 ұңғымада болған.

"Varro Operating Group компаниясының объектісінде ұңғыманың корпусынан газ-су қоспасы шыққан. Зардаптарды жою үшін 10 бірлік техника, 32 қызметкер және 1 дрондар тартылды", - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Оқиға орнында "оқиғаны оқшаулау бойынша жұмыстар" жалғасуда. Апаттан зардап шеккендер жоқ.

ҚазАқпарат