Күн сәулесінен қорғанбағандар қатерлі ауруға шалдығады

Күн сәулесінен қорғанбағандар қатерлі ауруға шалдығады
фото: pixabay.com

Жаз басталғанда серуенге, демалысқа асығатындар көбейеді. Алайда онкологтар шамадан тыс күн сәулесінде жүру тері қатерлі ісігі дамуына әкеп соғатынын ескертеді, - деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жыл сайын әлемде меланома емес тері қатерлі ісігінің 3 миллионнан аса жаңа жағдайы және меланоманың 130 мыңнан аса жағдайы тіркеледі. Бұл - ең ауыр қатерлі ісіктердің бірі.

Алматы Онкологиялық орталығының онкологы Назира Бижанованың айтуынша, ультракүлгін сәулелер, әсіресе, түстен кейінгі күн сәулесі тері жасушаларын зақымдауы, қатерлі ісік дамуына ықпал етуі мүмкін, деп жазды kaz.tengrinews.kz.

"SPF деңгейі жоғары күннен қорғайтын крем жағу, бас киімдер, иық пен қолды жабатын киімдер кию және сағат 11-16.00 аралығында күн астында жүрмеу - тиімді алдын алу шаралары. Бұлтты күндердің өзінде теріні ультракүлгін сәулелерден қорғау қажет. Қандай да бір белгі байқасаңыз, дерматологқа немесе онкологқа жүгініңіз", - деді маман.

Онкологтар бұл ауруды уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін тұрақты тексерістер екенін айтты.

Күнге күйгеннен кейін теріңізге қалай күтім жасау керек?

Мамандардың айтуынша, күнге күйгеннен кейін терінің қабыршақтануы - бұл қалыпты қалпына кел процесі. Дегенмен,  терінің бөліктерін қолыңызбен алып тастау дұрыс емес. «Сіз теріңізді күйіктен кейін жеті-сегіз күннен кейін ғана қабыршақты ала аласыз, онда да жұмсақ затты қолдану керк", - деп кеңес береді сарапшы.

Мынаны ұмытпаңыз:

-табиғи матадан жасалған киімдерді киіңіз - мақта, зығыр;
- теріні тітіркендірмеу үшін тығыз және синтетикалық заттардан аулақ болыңыз;
- теріні жеңіл крем немесе гельмен ылғалдандырыңыз, бірақ аса майлы жақпаларды пайдаланбаңыз, олар тері тесігін бітеп, қалпына келтіру процесін баяулатуы мүмкін.