
фото: pexels.com
Бургер, фри сияқты денсаулыққа зиянды тағам түрін жарнамалауға шектеу қойылмақ. Ол үшін санитар мамандардан құралған сарапшылар қазір тауарлардың тізімін жасауға кірісті, деп хабарлады ktk.kz сайты.
Тез әзірленетін фастфуд, тәтті сусындар мен кәмтиттерге балалар үйір. Оның салмақ қосып, семіздікке әкелетінін, қысымды көтеріп, қан-тамыр және басқа да сырқатқа себеп екенін жұрт біледі. Бірақ жарнамаға қызығып, әсіресе балалар жағы сатып алуға құмартып тұрады.
Ата-ана да кішкентайының қалағанын бермей, қолын қағуға пейілді емес. Сарапшылар сондықтан жарнаманы шектеген жөн дейді.
Алдымен тағамдардың құрамын саралап, олардың ағзаға қаншалықты зиянды екенін, тұзы мен шекерінің көлемін де анықтап алмақшы.
Аталған жұмыс «Дұрыс тамақтану» жол картасына енгізілген. Құжат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары негізінде жасалған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через