
фото: https://pixabay.com/ru/
Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалған
Денсаулық сақтау министрлігі Медицина қызметкері күні қарсаңында адам өмірін сақтап қалған дәрігерге қатысты оқиғаны баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалған. Ресурс шектеулі болды және әйелдің жағдайы тез нашарлай бастады, мұндайда әрбір секунд қымбат.
"Бұл бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатты. Қиын жағдайға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек кқрсетуге кірісті: пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізді, ұсынымдар беріп, науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етті. Жарты сағаттан кейін нәтиже бере бастады - әйелдің жағдайы тұрақталды", - деп жазылған хабарламада.
Салтанат Исағалиева - жоғары санатты дәрігер, медицинада 25 жылдан астам, акушерлік бөлімшені басқарады. Ол 10 000-нан астам ананы босандыруға қатысқан.
Оның еңбегі Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен:
"Денсаулық сақтау ісінің үздігі" атағымен,
"Мамандығына адалдығы үшін" құрмет медалімен,
"Авиценнаның алтын жұлдызы" төсбелгісімен марапатталды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через